Новости на Newstaraz.

Өз бағымыздан шай демдейміз!

newstaraz.kz

Біз сатып алатын керемет деген үнді шайлары қандай алқапта, қай уақытта жиналып, дайындалғаныны белгісіз. Өзіміздің бақтағы жеміс ағаштарында ғажап демделетін шайлар бар! Қазір бақтағы жеміс ағаштары жалаңаш, ештеңе жоқ деп ойларсыз? Бізге керегі осылар, нақтыласақ-бұтақтары.

Бұтақтардан шайды қалай демдейміз.

      Сусынды дайындау үшін жіңішке бұтақтарды майдалап, 10-15 мин қайнатып, түнге тұндыруға қалдыру қажет. Пайдаланар алдында тұнбаны сүзіп, жылытып, оны енді қайнатпайды, балмен немесе қантпен пайдаланыныз. Шай етіп демдеу үшін әртүрлі ағаштың майда бұтақтарын, қалған жапырақтарын дайындаймыз. Бұтақтардан демделген шайды мөлдір ыдыста қайнатпау керек, себебі, жарықтан олардағы бояғыш заттар ыдырап кетеді де, тұнбаның түрі бұзылады, ең бастысы дәмі кетеді. Жапырақтары мен шөптерден демдеген шайға қарағанда, бұтақтан жасалғанға уақыт кетеді, бірақ, онысына тұрады.

Қарақаттың (смородина) бұтақтарынан дайындалған жұпар иісті шай.
     Иісі керемет! Бұл шайды бір минут қайнатып, демдеп іше беруге болады. Қарақат деген таңғаларлық өсімдік. Дұрыс пайдаланған оның барлық бөліктері пайдалы, емдік қасиетке ие. Демделген шай қан тамырларына пайдалы, ағзадағы зат алмасуды жақсартады, қорғаныс күшін нығайтады. Зәр айдау қасиетіне ие! Қызыл қарақаттың сабақтарынан демделген шаймен ревматизмді емдеуге дәрігерлер кеңес береді. Қарақаттың демделген сабақтарынан қайталап, екінші рет дайындауға болады, одан шай дәмдірек иісі қаттырақ білінеді.

Шие бұтақтарынан демделген шайдың түсі әдемі  бадамның (миндаль) дәмі шығады.

     Бұл шайды да қайната салысымен ішуге болады, бірақ, шыдамды болып, тұндыруға уақыт берсеңіз, патшалар ішетіндей түсі керемет, бадамның иісі бар емдік қасиетке ие шай болады. Бұндай шайден денсаулыққа қажет, бүйрекке керекті сиқырлы сусын болады: бүйректегі құмдарды жайлап түсіреді, қуық ауырғанда көмектеседі.

Алқоры бұтағынан дайындалған таңдаулы дәмі бар шай
  Шие бұтағынан дайындалған шайға ұқсас, бірақ, оған қарағанда нәзігірек дәмі мен иісі бөлекше.1 литр шай үшін 5-7 орташа бұтақ кескінділері қажет. Ол шай жүйкені тыныштандырып, босаңсытады. Өкпеге пайдалы. Өте қою шай демдемесе де болады.

Итмұрыннан (шиповник)  жасалған шай. Компот сияқты!

Тікенді итмұрын бұтақтарынан демделген шайдың түсі әдемі қызғылт (розавый) болады, зәр айдау қасиетіне ие. Бұл шайды ревматизм мен құяң (радикулит) ауруында пайдаланған жөн. Пайдаланар алдында майда тікендерінен арылту үшін сүзу керек

Бұл маусымның хиті-таңқурай (малина)  бұтақтарынан дайындалған шайы!  

Таңқурайдың жас бұтақтары қатаймай тұрып жапырақтарымен бірге үсіп қалады. Шай үшін таптырмайтын нұсқа!

Жарты литр суға 15 см  дей 7-8 бұтақты майдалап, 20 мин қайтату керек. Егер түнге қалдырсаңыз, шайдың түсі жас жемістің түсіндей әдемі болады.

Таңқұрай бұтағынан дайындалған шай суық тию, тұмау  кезінде, жөтелге қарсы  жиі пайдаланады. Иммунитетті жоғарылатып, асқазан  қыжылын басады. Халық емшілері майдланған, жұмсарған  бұтақтарды (қайнатқаннан кейінгі) ұшық шыққанда пайдаланады. Болашақ аналардың қынап жолдарының созылғыштығын нығайтады. Көп аналар бұл шайды дененің ыстығын түсіру үшін ішеді ,Ол қалай болады? Таңқурай шайы тер шығаруды күшейтіп, табиғи түрде дене қызуы түседі. Денені сумен сүрткендей әсер етеді.
Алма бұтақтарынан дайындалған шай-дәмі алманың сұрыптарына байланысты.

Китайкадан дайындалғанының дәмі ашылау, антоновкадан жасалынғанының түрі түссіз, бірақ өте дәмді. Ол шайлар С дәруменіне бай,  ағзаға дәрумендер жетіспегенде, суық тигенде, баспа (ангина) болғанда пайдалы.
Бүрген (облепиха) бұтақтарынан дайындалған шай дәмді ғана емес, өте пайдалы да!

   Фитотерапевтер бүрген бұтағынан дайындалған шайлар оның жемісінен пайдасы аз емес екенін айтады. Бүрген бұтағынан жасалған шай  барлық созылмалы   ауруларға пайдалы, ағзаның  ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ертедегі гректер осы тұнбамен  жаугершілік аттарын   төзімдірек болу үшін суарған. Бүрген жүрек-қан тамырлары, асқазан аурулары, дәрумен азайғанда пайдалы.  Бұл шайдың бір кемшілігі-дәмінде, дәмі шикі картоптың дәміндей. Онда тұрған ештеңе жоқ!

Үйеңкі (клен) талы бұтағынан жасалған шайдың дәмі қышқылдау, түрі әдемі қызғылт түсті.

Ол шай зәр айдағыш қасиетке ие. Үйеңкінің қабығында айрықша зат-алантоин бар, ол түрлі жарақатты жазады. Ақ қайыңнан шырын алғандай, үйеңкіден де шырын алуға болады. Одан жасалған шайдың дәмі мен иісі ерекше.

Шөптер, өсімдіктерден де керемет дәмді, хош иісті шайлар дайындауға болады.




— 
Рабига Сыргабаева

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »