Өзбекстан азаматы Стокгольмде терактіге саналы түрде бардым дейді (видео)
20 ақпанда Стокгольмде сот алдында сөйлеген 40 жастағы Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов өзіне тағылған айыптарды мойындады. Жергілікті The Local басылымының жазуынша, Акилов басты мақсатым «Швеция азаматтарын өлтіру» болды деп мәлімдеген.
40 жастағы өзбекстандық Рахмат Акилов сейсенбі күні Стокгольм сотына жеткізілді. Ол былтыр 7 сәуірде Швеция астанасында теракт жасады деп айыпталып отыр. Сол кезде ол жүк көлігімен адамдар жүретін жолды басып өткен. Қаза тапқандар ішінде 11 жастағы қыз бала мен Ұлыбритания және Белгия азаматтары болды. Ондаған адам жараланған.
«Мен Швецияның халифатқа қарсы соғысты тоқтатқанын қалаймын. Олар әскери аймаққа жауынгерлерін жіберуді тоқтатқанын қалаймын», – деп Рахмат Акиловтің сөздерін келтіреді The Local.
Акилов өзінің ісіне еш өкінбейтінін ашын мәлімдеді. «Менің әрекетімнің мақсаты – НАТО коалициясы шабуылынан зардап шеккендермен жаным да, жүрегім де бірге екенін көрсету болды», – деген Акилов.
Акилов «Ислам мемлекетіне» ант еткенін айтқан. Бірақ аталған экстремистік ұйым Стокгольмдегі оқиғаны жауапкершілігіне алмады. Бірақ тергеу мәліметінше, Рахмат Акиловқа Сириядағы тәжік содыры тапсырма беріп отырған. Ал инструкторлардың бірі Дағыстан азаматы болған.
Мемлекеттік айыптаушы Рахмат Акиловты өмір бойы түрме жазасына кесуді сұрады. Оған қарсы сот мамыр айына дейін жалғасып, үкім маусым айында шығады деп күтіледі.
newstaraz.kz