Новости на Newstaraz.

Жүкті әйелдер неге ұмытшақ болады?

newstaraz.kz

Көрнекі фото: egemen.kz

Ғалымдар жүктілік кезінде әйел миының құрылымы өзгеретінін дәлелдеді, деп жазады women.com сайтына сілтеме жасап Егемен Қазақстан.

Голландияның Лейден университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, құрсағында баласы бар әйелдерде әлеуметтік сигналдарға жауап беретін ми бөлігінің қызметі бәсеңдейді. Яғни, осы бөліктегі мидың сұр заты азаяды да, жүкті әйелдерде ұмытшақтық пайда болып, бір нәрсеге қатты көңіл аудару қабілеті әлсірейді. Ғалымдардың айтуынша, мидың құрылымы екі жылдан кейін қайта қалпына келеді.

Зерттеу жүргізген ғалымдар жүктілік кезінде әлеуметтік сигналдарға жауап беретін ми бөлігіндегі сұр зат азайғанымен, адамның бет-әлпетін есте сақтау қабілетіне жауап беретін ми бөлігінде ол заттың көбейетінін айтты.

«Әрине, жүкті әйелдердің ұмытшақтығы туралы көп айтылады. Бірақ осылайша табиғат әр ана өз баласын тани білуі үшін жағдай жасайды», — дейді нейробиолог Эббот Макбет.

Жаңа туған шақалақтардың бір-біріне ұқсағанымен, оларды аналарының еш қиналмастан тануын ғылым осылайша түсіндіреді. Яғни, ананың адамның бет-әлпетін айыра білу және есте сақтау қабілеті артуы үшін жүктілік кезінде ұмытшақтық пайда болады.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »