Жүрегі сыртында орналасқан сүйкімді қыз биімен елді сүйсінтті
Instagram желісінде жүрегі сыртында орналасқан сегіз жасар қыздың майысып билеген видеосы тарап, елді сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Вирсавия Борун есімді қыз жүрек эктопиясына ұшыраған, яғни жүректің орны ауысып кеткен. Оның жүрек қағысы естіліп қана қоймай, жақсы көрініп те тұрады.
Видеожазбада оның жүрегінің бүлкілдеп, анық соғып тұрғанын байқауға болады. Алайда арудың өзі дені сау адамдарша билеп, белсенді қимылдап тұр.
Желі қолданушылары қыздың өмірге деген құштарлығына тәнті болып, оған мықты денсаулық тіледі.
newstaraz.kz