Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз—өзін өртеп жіберді
Беті бері қарағанына қарамастан, зардап шегушінің бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.
Маңғыстау облысында үстіне бензин құйып өз-өзін өртеген ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы stan.kz, «Лада» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиевтің айтуынша, ер адам ауруханаға түскен кезде мас күйде болған.
Дәрігерлердің айтуынша ауыр халде жатқан ер адамның жағдайы оңалу үшін кемі 3-4 апта уақыт керек. Беті бері қарағанына қарамастан, оның бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.