Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында жексенбі, 7 қараша күні кешке кафе жарылып, екі қабат ғимарат толығымен бұзылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ,- деп хабарлады осы облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Жергілікті билік те «жаралысқа байланысты ауруханаға келген ешкім жоқ» деген хабар таратты. Жарылыс болған жерге құтқарушылар мен арнаулы техника жұмыс істеп жатыр.
Жол бойында тұрған кафенің жарылғаны видео бақылауға арналған камераларға түскен.
Құтқарушылар зардап шеккендер бар-жоғын анықтау үшін үйіндіні ашып тексеруге кіріскен. Оқиға болған жерде жедел жәрдем көліктері кезекшілікте тұр дейді жергілікті ақпарат көздері.
№29а шағын ауданындағы «Шерқала» кешенінде тұрған кафенің жарылғаны туралы хабар Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден 18 минут кеткенде жеткен. «Жарылыс себебі мен шығын анықталады», — деді төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы Мақсат Шапқатов.
Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, жарылыс дүмпуін Ақтау қаласының өзге аудандарының тұрғындары да сезген. Жарылыс маңында тұрған автокөліктерге түрлі зақым келген.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли «жарылыс кезінде өлгендер туралы» әлеуметтік желіде айтылып жатқан сөздерді теріске шығарып, жарылыс сәтінде кафеде ешкім болмағанын» айтты.
newstaraz.kz