Новости на Newstaraz.

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ «ҚАЗАҚМЫС» БАСШЫСЫН НЕЛІКТЕН ПЫШАҚТАҒАН?

newstaraz.kz

Таңнан бері Жезқазғазғандағы жанжал жайлы түрлі ақпарат тарап жатыр. Қазақмыстың сол жақтағы басшысын Кәсіподақ төрағасы пышақтап, өзіне қол салған. Дауға не түрткі болғанын тергеу органдары ашып айтар емес. Арнамыздың тілшілері қолға пышақ алуға не итермелеуі мүмкін болғанын өздігінен анықтап көрген болатын. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жезқазғандағы «Қазақмыс» ғимараты. Күні кеше тәртіп сақшылары қоршап, тергеу амалдарының қызған ортасына айналған еді. Бүгін ауласы әдеттегідей тыныш. Кешкісін, барлығы жұмыстан қайтар тұста директоры Амангелді Мінеғұловтың кабинетінде дау шығып, үш адам пышақ жарақатын алған. Бірі көз жұмды.

ЖАНАТАЙ СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Қазақмыс» корпорациясының директоры Минегуловтың кабинетінде Тәжбенов өзара жанжал барысында Минегулов пен осы мекеменің маманы Тембаевке пышақпен дене жарақатын келтіріп, сол жерде өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша тергеу жүргізілуде».

Іс құзырлы органдардың бақылауында қазір. Оны бас прокурордың орынбасары айтуда. Күдікті өзін өзі өлтіргендіктен, іс тоқтатылуы да мүмкін екен. Бірақ барлық мән-жайды анықтаймыз, дейді.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Практикада бұл қысқартылады. Тоқталымға алынады. Өйткені күдікті адам жаңағы болмауына байланысты».

Қолына пышақ алып жанжалдасқан Тоғызбай Тәжбенов Қазақмыстағы кәсіподақты басқарған көрінеді. Оны танитындар әдетте сабырлы адам болатын деп отыр. Кісі өлтіруге итермелеген компания ішіндегі бассыздық болуы мүмкін деуде.

БЕРІК ЖАҒЫПАРОВ, ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ:
» Жанжалдың болуына жүйедегі қателік түрткі болды деп санаймын. Жұмыс беруші кәсіподақ жұмысына араласпауы керек. «Қазақмыста» қазір директорлардың өздері кәсіподақ төрағаларын тағайындап, қызметінен қуып жүр. Тоғызбай Тәжбенов қызметтен кеткісі келмей директорға кірген. Қызу әңгіме өрбіген секілді. Екеуі де бұрын шахтер болған. Мұндай жағдай қайталанбас үшін жұмыс ашық болуы керек».

Еліміздің еңбек конфедерациясы болса, керісінше, Тәжбеновтың тәжірибесі төмен болғандықтан, тіл табыса алмай, арты қайғылы жағдайға ұласқан деп топшылауда.

МҰРАТ МАШКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
«Бір жыл бойы атқарған қызметіне қарай, оның осыншалық жоғары деңгейдегі жұмысқа тәжірибесі жеткіліксіз болды деген пікір қалыптасты. Кәсподақта шенеунік секілді қызмет атқарудың қажеті жоқ. Мәселе шешуде келісімге келе білуге, өзара қарым-қатынасты басқаша құруға тырысу керек. Адамдар шағымдана бастады. Штаттық кесте ешкіммен ақылдаспай өзгертіліп отырған. Бұған тәртіп бойынша жол беруге болмайды».

Жараланған басшы Мінеғұлов 24 жыл Қазақмыста қызмет атқарыпты. Ашық дереккөздерге сенсек, кешегі оқиғадан соң жансақтау бөлімінде жатыр. Өзіне пышақ сұғып, тіл тартпай кеткен.

Тоғызбай Тәжбенов те біраз жыл мекеменің әлеуметтік саласына баскөз болып келген. Соңғы уақытта Кәсіподақ ісіне араласуға кірісіпті.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »