Өзін элиталық жөзекше санайтын қазақстандық қызды Мәскеуде тонап кетті
Иллюстрациялық фото: 1gold.by
Қымбат әшекейін ұрлатып алған бойжеткен полицияға арыз түсіріп үлгерген.
Белгілісі қазақстандық қыз Мәскеуге бірнеше күнге келген. Сөйтіп, құрбысымен жергілікті саунаға барып, жүзігін сол жерде ұрлатқан.
Зардап шегушінің айтуынша, құрбысы екеуі киімдері мен әшкейлерін шешіп, бумен қыздыратын бөлмеге кіріп кеткенде олардың қасына екі таныс жігіт қосылады. Әңгімесі қызған таныстар саунадан тек таңғы бесте шығады.
Бойжеткен таксиге отырған уақытта әмиянынан 7 мың рубль ғана емес қымбат жүзігін де ұрлатқанын байқайды. Қыздың айтуынша, ұрланған жүзік 1 452 000 рубль (шамамен 8 млн теңге) тұрады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
newstaraz.kz