Новости на Newstaraz.

Құмтөр дауы: Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды

Құмтөр дауы: Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында бұрынғы бірінші вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашевті ұстады.

Комитеттің баспасөз орталығының хабарлауынша, тергеу күдіктінің «канадалық Centerra Gold Inc. компаниясының мүддесін көздеу мақсатында қылмыстық әрекет ету үшін елдің жоғары лауазым иелерімен байланыс орнатқан».

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, «Қырғыз үкіметінде жауапты қызмет атқарған Тайырбек Сарпашев Centerra Gold Inc. компаниясының мүддесі үшін «Мұздықтар туралы» заң жобасының қабылдануына кедергі жасаған». «Бұған қоса, ол «Құмтөр Голд Компаниге» «Құмтөр» кеніндегі мұздықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін Су кодексіне толықтыру енгізіп, оның парламентке ұсынған, сол арқылы Лысый және Давыдов мұздықтарының бұзылуына жол берген», – деп хабарлады мемлекеттік комитет.

Арнайы қызмет бұрынғы шенеунікті 17 маусымда ұстады. Сарпашев жемқорлық жасады деген күдікке ілікті. Оны тергеу кезінде қамауда ұстау-ұстамау мәселесін Бішкектің 1-май аудандық соты қарайды.

Еске салайық, бұның алдында «Құмтөр» ісі аясында бірнеше бұрынғы шенеунік, қазіргі және бұрынғы депутаттар ұсталған. Арнайы қызмет тергеуге шақырған бірнеше адамды бостандыққа жіберген.

Әуелі бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов ұсталды, одан соң Жогорку Кенештің қазіргі депутаттары Асылбек Жээнбеков пен Торобай Зулпукаров, сонымен бірге экс-депутаттар Исхак Пирматов, Талантбек Узакбаев және Алмазбек Баатырбеков қамауға алынды. Бұған қоса, президент аппаратының бұрынғы басшысы Данияр Нарымбаев ұсталды, ал Жогорку Кенештің үкіметтегі бұрынғы құзыретті өкілі Динара Молдошева ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды.

Кейін Талантбек Узакбаев пен Алмазбек Баатырбеков 31 шілдеге дейін үйқамаққа ауыстырылды.

Қылмыстық іс аясында бұрынғы премьер-министрлер Темир Сариев пен Игорь Чудинов, экс-депутат Максат Сабиров және депутат Рыскелди Момбеков тергелді. Олар тергеу құпиясын бұзбау мақсатында қандай сауалдар қойылғанын айтпады.

Источник

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »