Новости на Newstaraz.

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінің көбісін ашты

newstaraz.kz

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінің көбісін ашты

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасынан өтудің жаңа тәртібін хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, 17 қаңтардан бастап «Ақ-Жол-автожол», «Чалдыбар-автожол», «Чон-Капка-автожол», «Кен-Булун — автожол» және «Токмок-автожол» бақылау-өткізу бекеттерінде Қырғызстан азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқтарды Қырғызстанға өткізе бастады, Қазақстанға – қазақ жағы белгілеген шектеу талаптарына сай өткізіледі. Алайда, Қазақстанға өту үшін қандай талаптар қойылғаны айтылмады.

Шекара қызметінің хабарлауынша, «Ақ-Тілек-автожол» бақылау-өткізу бекетіндегі шектеу әлі алынған жоқ: Қырғызстан және шетел азаматтарын Қазақстанға кіргізбейді, Қазақстанға қазақстандықтар ғана кіреді, Қырғызстанға Қазақстандағы қырғызстандықтар мен шетел азаматтары өте алады.

«Каркыра-автожол» бекеті арқылы Қазақстанға Қырғызстандағы қазақстандықтар ғана кіреді.

Жүк көліктері «Ақ-Тілек — автожол», «Чалдыбар-автожол» және «Чон-Капка-автожол» бекеттері арқылы өтеді.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай бірқалыпты, адамдар мен көліктер кезегі жоқ.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан билігі көрші елдермен шекарасын жауып, азаматтарын шетелге шығаруға тыйым салды. Жекелеген күндері қырғыз-қазақ шекарасындағы жеті бекеттің екеуі ғана істеп тұрды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »