Новости на Newstaraz.

Қазақстан азаматтығын алғысы келгендер қазақ тілі емтиханын тапсыра бастайды

newstaraz.kz

2023 жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алғысы келгендер қазақ тілінен емтихан тапсыра бастайды. Бұл пилоттық жоба бойынша емтиханды алғашқылардың бірі болып құжаттарында ұлты деген графасы бос шетелдік қазақтар тапсырады.

Бұл туралы 29 қарашада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Министрдің мәлімдемесін «Власть» сайты жариялады.

«Қазір алыс шетелден келіп жатқан қазақтардың құжаттарында ұлты жазылмаған. Келер жылы құжатында ұлты жазылмаған қазақтардан тест алып, емтиханды сынап көреміз» деді Дүйсенова.

Дүйсенованың сөзінше, 2027 жылға дейінгі көші-қон саясаты концепциясына сай Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілін, Қазақстан тарихын және Конституцияны білуі тиіс.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі «Азаматтық туралы» заңға толықтырулар әзірлеген. Бұл жобаға сай, қазақ тілін, тарихын және Конституцияны білмеу азаматтық алуға кедергі болуы мүмкін.

Үкімет бұл заң екі азаматтық алуды азайтады деп түсіндірген. Қазіргі заңнамаға сай, Қазақстанда бес жыл тұрған я Қазақстан азаматымен үш жыл некеде болған адам ғана Қазақстан азаматтығын ала алады. Бұған қоса, Қазақстанда туысы тұратын постсоветтік елдің азаматтары да Қазақстан төлқұжатын алуға өтініш бере алады.

Қазіргі заңда Қазақстан азаматтығы берілмейтін 14 себеп жазылған. Олардың басым бөлігі – заңнаманы бұзуға қатысты себептер. Ал қазақ тілін емтихан тапсыру міндеті қазіргі заңнамада жоқ.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »