Новости на Newstaraz.

Қазақстан постсоветтік елдердің егемендігіне күмәнмен қараған қытай елшісіне елге кіруге тыйым салуға ниетті емес

newstaraz.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров 24 сәуірде өткізген брифинг кезінде Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның постсоветтік елдердің егемендігіне күмәнмен қараған пікіріне жауап берді.

«Мен Қытайдың сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесімен келісемін», — деді Смадияров.

Дүйсенбі күні Қытайдың СІМ өкілі Мао Нин журналистердің елшінің айтқан сөздері Қытай ұстанымын білдіреді ме деген сұраққа жауап беріп, Пекиннің ұстанымы СІМ пікірінді білдірілген деген. Алайда мәтінде Пекин Лу Шаеның пікірімен келіспейді деген нақты сөздер жоқ.

Қытайдың Франциядағы елшілігі елшімен сұқбатты ресми сайтынан алып тастаған.

Ал Қазақстанның СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «егер елші Францияда жұмыс істейтін болса, оған қалай нота жібереміз?» деді.

Смадияров «Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-мүше мемлекеті болды. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін алған кезде, Қытай біздің елдің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. 1992 жылдың 3 қаңтарында Қытаймен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызды жарияладық», — деді Смадияров.

Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае La Chaîne Info телеарнасына сұқбат берген кезде журналист дипломаттан «Қырым Украинаға тиесілі ме?» деп сұраған. Ал дипломат «бұл мәселені қалай қабылдауыңызға байланысты» деп жауап берген. Бұдан соң Лу «Қырым бастапқыда Ресейдікі болған, кейін Хрущев заманында Украинаға берілген» деген.

Журналистің «халықаралық құқық бойынша, Қырым Украина аумағы деп есептеледі» деген сөзіне жауап берген қытай дипломаты «бұрынғы Совет Одағына мүше елдердің халықаралық құқықта мәртебесі жоқ, себебі оларды егемен ел ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ» деп жауап берген (мұндай келісімнің керегі жоқ – СССР-ден шыққан республикалар егемендігін жариялап, БҰҰ-ға мүше болған және оларды өзге мемлекеттер мойындаған – ред.).

Лу «әлем мұндай мәселелерге бола дауласпауы керек» деп, Украинадағы атысты тоқтатуға үндеген.

Қытайлық әріптесінің сөзіне пікірін айтқан Украинаның Франциядағы елшісі Вадим Омельченко Twitter-де Лу «не географияны жөнді білмейді, не Пекиннің ұстанымына қарсы мәлімдеме жасап отыр» деді. «Қырым қай елдікі? деген сұрақ әрдайым нәтижесін береді. Келесіде «Владивосток қай елдікі?» деп сұраса, жақсы болар еді» деп жазды ол.

Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Twitter-де «Қытай жағы мәлімдемені толық терістеп, түсіндірсін» деді.

Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис Twitter-де қытай елшісінің жауабы Балтық елдері «Украинадағы жағдай бойынша ара ағайындық жасауда Қытайға не үшін сене алмайтынын көрсетіп отыр» деді.

Эстония сыртқы істер министрі Маргус Тсахкна «мұндай көзқарасты қабылдамаймыз, Эстония – егемен мемлекет» деп мәлімдеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »