Новости на Newstaraz.

Қазақстан Ресейге тауар реэкспорттауға бақылауды күшейтеді

newstaraz.kz

Қазақстан 1 сәуірден бастап реэксорттау үшін елге жеткізілетін тауарларды онлайн бақылайтын жүйені іске қосады. Бұл туралы Financial Times лауазымы жоғары бір шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Біз жапсарлас санкцияларға байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз, сол себепті әріптестеріміздің барлығымен тауар аламасуды мұқият бақылаймыз», – дейді басылым дереккөзі. Оның айтуынша, Қазақстан реэкспортты азайту бағытында үнемі жұмыс істеп келеді.

Қазақстан ұлттық статистика жөніндегі бюро мәліметінше, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 25 пайызға артқан.

АҚШ пен Еуроодақ Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесті деп есептейді. Батыс Украинаға соғыс ашқан Ресейге санкциялар салған. Қазақстан билігі Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектеспейтінін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұның алында Bloomberg Ресей зымыран жасауға пайдаланатын микрочиптерді үшінші бір елдің көмегімен алып отырғанын хабарлаған. Агенттік мұндай мәліметті еуропалық лауазымы жоғары бір дипломатқа сілтеме жасай отырып таратқан.

Наурыздың басында Қазақстанда болған АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, АҚШ санкциялардың Ресейге көрші елдерге қалай әсер етіп жатқанын «мұқият бақылап отыр». Блинкеннің мәлімдеуінше, Қазақстандағы компаниялар Ресей бизнесімен байланыстың барлық түрінен бас тартуы тиіс. Қазақстан сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы сауда процестерін басқару оңай еместігін мойындаған.

Еуростат мәліметінше, сакнция енгізілген соң Еуропадан Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 2022 жылғы наурыз-қараша айларында 47 пайызға төмендеп, 36,3 млрд еуро ғана болған. Дегенмен еуропалық тауарлардың Беларусь, Армения, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстан секілді елдерге экспорты 48 пайызға артып, 20,3 млрд еуроға жеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »