Новости на Newstaraz.

Қазақстандық QazCOVID-in вакцинасы сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай халыққа егілуі мүмкін

newstaraz.kz

Коронавирусқа қарсы QazCOVID вакцинасымен елде жаппай екпе жүргізу сәуір айында басталмақ. Бұл вакцинаның үшінші сынақ мерзімі әлі аяқталмаған.

Бұл жөнінде 31 наурызда Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария брифинг кезінде айтты. Оның сөзінше, үшінші кезеңнің сынағы 9 шілдеде аяқталуы тиіс. Осыдан кейін ғалымдар 20 күн бойы екпе салдырған үш мыңнан астам еріктілердің денсаулығына қатысты мәліметтерді өңдей бастайды.

Закария әлемде үшінші сынақ мерзімінен толық өтпеген вакциналарды халыққа егу тәжірибесі бар дейді.

Былтыр Ресей де «Спутник V» вакцинасының сынақ мерзімі аяқталмай жатып, халыққа егуді бастаған. Бұл батыс ғалымдарының сынына қалған.

Брифинг кезінде қазақстандық вацинаны жасаған ғалымдар еріктілер арасындағы 200 адамның сегізінің вирусқа иммуннитеті өте әлсіз болып шықты дейді.

— Негізінен 40-тан асқан адамдарға екпе салдық. Сынаққа 18-55 жас аралығындағы еріктілер қатысты. Адамның денсаулығы қалыпты болған жағдайда вирусқа иммунндық жүйе қалыптастады, — деп түсіндірді Закария.

Қазақстандық вакцинаны сынауға 3 244 ерікті қатысқан. Оның бір жарым мыңа плацебо алған. Әрбір еріктіге 200 мың теңге (470 доллар) ақша төлеген.

Әзір QazCovid-in вакцинасының екі миллион данасын шығару қолға алынған. Вакцина құны 4,7 доллар көлемінде болмақ.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »