Новости на Newstaraz.

Қырғыз ақыны Болот Назаров қамаудан босап шықты

newstaraz.kz

Қырғызстанда Шу облысы Мәскеу ауданының соты тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатып, Болот Назаровты қамаудан босатты.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, сот Назаров қорғаушысының келісімді іс материалдарына қосу туралы өтінішін құптаған.

Жәбірленушілер соттың бұған дейінгі отырыстарында Болот Назаровқа ешқандай шағымы жоғын бірнеше мәрте айтқан. Алайда күдікті шамамен үш ай қамауда отырды.

Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы Назаровты 10 жылға соттауды сұраған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, былтыр 7 қарашада Беловодское ауылының бір тұрғыны милицияға шағымданып, Назаров кәмелет жасқа толмаған баладан тайын суретке түсу үшін бере тұруын сұрап, сосын оны күшпен тартып алып, белгісіз жаққа шауып кеткен. Милиция Болот Назаровты ұстап, тергеу изоляторына қамаған.

Жәбірленуші қырғыз ақынына қарсы шағымынан бас тартқаны соттың желтоқсандағы алғашқы отырысында мәлім болды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »