Новости на Newstaraz.

Қырғыз кеден қызметінің басшысы Кубанычбеков жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды

newstaraz.kz

Қырғыз кеден қызметінің басшысы Кубанычбеков жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды

Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 17 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, «кеден қызметі органдарындағы жемқорлық туралы мәлімет түсті, оған қызмет жетекшілері мен бөлім басшыларының қатысы бар».

Комитеттің хабарлауынша, кеден қызметі басшылары тауар импорттайтын жекеменшік компаниялардың мүдделерін көздеп, оларға жеңілдік жасаған, оның орнына пара алған.

17 қаңтарда «жемқорлық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды, кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков уақытша тергеу изоляторына қамалды.

40 жастағы кәсіпкер Әділет Кубанычбеков Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы қызметіне 2021 жылғы 26 қазанда тағайындалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »