Новости на Newstaraz.

Қырғыз президентін бұрынғы адвокаты сотқа берді

newstaraz.kz

Қырғызстанда Дін істері бойынша мемлекеттік комиссияның бұрынғы төрағасы Акин Токталиев президент Садыр Жапаровты және оның бұрынғы баспасөз хатшысы Галина Бәйтеректі сотқа берді. Бұл жайында Токталиевтің өзі хабарлады.

Ол Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы қызметінен негізсіз босатылғанын айтады.

«Қызметтен алған кезде президент пен оның баспасөз хатшысы (ред. Галина Бәйтерек) мені экстремистке теңеп қойды», — деген Токталиев олардан 100 миллион сом өтемақы мен кешірім сұрауды талап етіп жатыр.

Токталиев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына 8 шілдеде шағым түсірген. Бірақ арызда кемшіліктер бар деп 12 шілдеде кері қайтарған. Ертесі Токталиев арызын толықтырып, қайта сотқа бергенін мәлімдеді.

Бұл мәселеге қатысты президент әкімшілігі мен Галина Бәйтерек түсініктеме бермеді.

Акин Токталиевтің діни мазмұндағы даулы пікірлері осыған дейін де талқыға түсіп келген. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 13 қарашасында тағайындалып, 2021 жылдың 9 ақпанында босатылған. Ол бұрын Садыр Жапаровтың адвокаты да болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »