Новости на Newstaraz.

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

newstaraz.kz

27 қаңтар кешкісін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Торт-Кочо деген жерде атыс болды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Баткен облысы бойынша шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

«Екі тарап та бір-біріне оқ атқан» деді Баткен облысы бойынша шекара қызметінің басшысы Қиялбек Толонбаев.

Тәжістан билігі әзірше ешқандай ақпарат бермеді.

Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәліметінше, 17.30-18.00 арасында тәжік шекарашылары Баткен облысы Торт-Коч елдімекеніндегі Баткен-Исфана жолының жауып тастаған.

«Кейін екі ел өкілдерінің келіссөзінен кейін жол 19.30 шамасында қайта ашылған еді. Бірақ 19.35-да тәжік тарабы оқ ата бастаған соң жағдай ушықты» деп мәлімдеді қырғыз тарабы.

Қырғыз шекарашылары 20.30-да екі ел шекарасындағы жағдайды қиын деп бағалап, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары Торт-Кочо және Чыр-Добо аймағында атысып жатқанын мәлімдеді. Қырғызстан тәжік тарабы миномет пен гранатомет қолданып жатқанын да хабарлады. Тәжістанның Исфара ауданы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Зубайдулло Шамодов Азаттықтың Тәжік қызметіне қырғыз тарабы жолды жапқан соң екі елдің жергілікті биліктері шұғыл жиын өткізді деген.

Сомониен ауылының тұрғындары «Азия плюс» басылымына шекарада атыс болып жатқанын айтқан. Дереккөздердің бірі ауылдағы әйелдер мен балаларды қауіпсіз жерге эвакуацияланғанын жеткізген.

«Қазір атыс жалғасып жатыр. Алдымен қырғыз әскерилері ата бастады, тәжік әскерилері жауап қатты. Жараланғандар бар, нақты саны белгісіз» деген жергілікті тұрғынның бірі.

Тәжік-қырғыз шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр. Бұл шекараның 519 шақырымы ғана демаркацияланған. Кейбір ауылдарда бір көшеде Қырғызстан азаматтары, бір көшеде Тәжікстан азаматтары тұрып жатыр. Бұған қоса, Қырғызстан шекарасында Тәжікстанның екі анклавы орналасқан. Бұл анклавтың ішінде және маңында жиі шекара дауы туындап, екі ел арасында атысқа ұласады. Екі тарап атыстың басталуына бір-бірін айыптайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »