Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда қызылша мен қызамық жұқтырған науқастар көбейді

newstaraz.kz

2023 жыл басталғалы бері Қырғызстанда 41 адам қызылша, алты адам қызамық жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Ош облысында 20 науқас, Ош қаласында 7, Жалал-Абад облысында 2, Шуда 2, Баткенде 2, Бішкекте 2 науқас тіркелген. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулардың таралуына азаматтардың кейбірінің екпе салдырудан бас тартуы себеп болғанын мәлімдеді.

«Қырғызстан аумағында қызылша мен қызамық ауруларын тоқтату үшін хаттамаларға сәйкес шаралар қолданды», — деп хабарлады министрлік.

Мекеме мәліметінше, 2022 жылы қызылша жұқтырған бір ғана науқас, ал 2021 жылы үш науқас анықталған.

Қызылша — вирусты жұқпалы ауру. Оны жұқтырған науқастың қызуы көтеріледі, жөтеледі, көзіне теріскен шығады, аузы ойылады. Дер кезінде ем қабылдамаған жағдайда ауру асқынып, пневмония немесе энцефалитке айналады. Медициналық көмек алмаған науқас асқынудан өліп кетуі де мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурудың мұндай түрінің таралуын тоқтатудың ең тиімді жолы — вакцина салдыру. Қызылшадан сақтану үшін вакцинаның екі дозасын бір және 6 жаста салдыру қажет. Дәрігерлер қызылша вакцинасы қауіпсіз екенін, ол қызылша, қызамық және паротит ауруларынан сақтайтынын айтады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »