Новости на Newstaraz.

Қырғызстанның оппозициялық лидері Өмүрбек Текебаев Германияға елші болып тағайындалды

newstaraz.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ата Мекен» партиясының төрағасы Өмүрбек Текебаевты Қырғызстанның Германиядағы елшісі қызметіне тағайындады. Осылай деп Азаттықтың қырғыз қызметінің дереккөзі хабарлады.

Текебаевқа Германиядан агреман 2021 жылдың тамыз айында келгені белгілі болды. Саясаткер осыған дейін елшілікке баратыны-бармайтыны туралы пікір білдірген емес.

Өмүрбек Текебаевтың елшілікке үміткерлігі парламенттің салалық комитетінің қарауына енгізілмеді. Осыған дейін президенттің баспасөз қызметі Конституцияға сәйкес, президент елшілерді парламенттің қарауынсыз өзі тағайындай алатынын айтқан.

Қырғызстанның Германиядағы елшісі болып осыған дейін Эрлан Абдылдаев қызмет істеген. Ол 2020 жылдың шілде айында тағайындалған.

Өмүрбек Текебаев 2021 жылы 28 қарашада өткен парламент сайлауына «Ата Мекен» партиясын бастап барған. Бірақ 5% межеден өте алмай қалды.

Белгілі оппозициялық саясаткер Текебаев парламенттің алты шақырылымының депутаты, Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы, 2010 жылы Сәуір революциясынан кейін Уақытша үкімет төрайымының орынбасары болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »