Новости на Newstaraz.

Өзбекстандағы азаптаулар туралы кітап шығарған белсендінің ұлы Ташкентте ұсталды

newstaraz.kz

Жазушы әрі оппозиция белсендісі Ислом Холбоевтың айтуынша, Өзбекстанның құқық қорғау органдары оның ұлы Жамол Холбаевты ұстап, туыстары мен адвокатпен кездестірмей отыр.

Түркияда тұратын белсенді 18 тамызда Ташкентте ұсталған ұлын абақтыда азаптаған болуы мүмкін деп алаңдайды.

Жазушы Ислом Холбоев ұлының ұсталуын Түркияда өзінің кітабы жарыққа шығуымен байланыстырды. Ол Өзбекстан түрмелеріндегі азаптаулар мен қазіргі жүйенің заңсыз әрекеттерін сынаған.

60 жастағы жазушы Ислом Холбоевтың айтуынша, 32 жастағы ұлы Жамол Холбоевты Ташкентте «себепсіз» ұстап, «заңсыз» қамап қойған.

Холбоев 2014 жылы төрт баласымен бірге Өзбекстаннан Түркияға көшкен. Жамолдың отбасы да қоныс аударған.

Биыл тамызда ол отбасымен бірге Өзбекстанға төлқұжат ауыстыруға барған.

– Түркияға қайтуға бір күн қалғанда, 18 тамызда, таңғы сағат 6-да оны Ташкенттегі пәтерде ұстады. Содан бері оны ешкімге көрсетпей отыр. Адвокатпен де кездестірмеді. Ұлым Жамолды ұстауға санкция берген соттың өткен-өтпегенін де білмейміз, – дейді Ислом Холбоев.

Адвокат Арслан Шаймардановтың айтуынша, Жамол Холбоевты қорғаушының қатысуынсыз тергеп жатқан болуы мүмкін.

Алайда ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиёсов заң бұзылған жоқ деп отыр.

– Іс прокуратураның бақылауында, ешқандай заң бұзылған жоқ. Адвокат арызына заң тәртібі бойынша жауап беріледі, – деді баспасөз хатшысы.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »