Новости на Newstaraz.

Қарағанды полициясы Қазақстанда бес есірткі зертханасы табылғанын хабарлады

newstaraz.kz

Қарағанды облыстық полиция департаменті «трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың» жасырын есірткі зертханаларынан салмағы 70 килограмнан астам есірткі және 3,5 мың тоннадан астам прекурсор (есірткі әзірлеуге қатысатын заттар – Ред.) тәркіленгенін хабарлады.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ұзақ іс кесуден кейін қылмысты әшкерелегенін жеткізді. Қазақстан аумағында жұмыс істеген бес есірткі зертханасын құруға қатысы бар деген күдікпен 10-нан астам адам ұсталды.

Полицияның мәлімдеуінше, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері тыйым салынған жүкті логистикалық фирмалар арқылы алкоголь ішімдік, автомобиль майы мен қосалқы бөлшектер түрінде, немесе май радиаторы мен өрт сөндіргіш сияқты заттардың ішіне сұйық түрде құйып, шетелден Қазақстанға жеткізуді жолға қойған.

«Аталған зертханаларды ұйымдастырушылар Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен алыс шетел аумағында психотроптық заттар дайындап, сақтап, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. Сондай-ақ, олар Қазақстан аумағында Telegram және Signal мессенджерлері арқылы жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарып, үйлестірумен айналысқан» деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Полиция Қылмыстық кодекстің «ұйымдасқан трансұлттық топ құру, оны басқару және оған қатысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазақстанда электрондық ресурстарды пайдалана отырып есірткі сатқаны үшін — 15 жылға дейін, электрондық ресурстар көмегімен есірткі қолдануға үгіттегені үшін — 8 жылға дейін, есірткі өндіруге қажет заттарды таратқаны үшін — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Психотроптық заттарға тәуелді пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер Қазақстанда 2009 жылдан пайда болған жаңа есірткінің психикалық және медициналық салдары ауыр екенін, ал одан оңалуға ұзақ жыл кететінін айтады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »