«Қауіпсіз жол»: Шымкентте 24 күн ішінде 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді
Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мақсаты — қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 24 күнінде 25 988 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 633 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда: техникалық байқаудан өтпеген – 662, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 869 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 3970, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 423, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 92, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 287, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 261, авариялық жағдай туындатқан – 125, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 67, көлік құралын мас күйде басқарған – 71, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 321 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 3303 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz