Новости на Newstaraz.

Назарбаев 2019 жылы отставкаға кеткен күні тасын салған мешітті ашты

newstaraz.kz

источник: Tengrinews

12 тамызда Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең ірі мешіт ашылды. Оны елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Мешіттің орналасқан жері 10 гектар. Күмбезінің биіктігі — 83,2 метр, диаметрі — 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Әрбірінің биіктігі — 130 метр», — деп жазады Informburo.kz.

Мұнда бір мезетте 30 мың адамға дейін намаз оқитын орын бар. Мешіттің алғашқы тасын 2019 жылдың наурыз айында Назарбаев отставкаға кеткен күні өзі құйған.

Назарбаев мешіттің ашылу салтанаты кезінде «бұл жеке азаматтар мен инвесторлардың есебінен салынған іргелі мешіт» деген.

«Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің біраз азаматтар бақуатты болды. Мен оларға мешіттің құрылысын қолдаңдар дедім. Мемлекеттен ақша шығарылмады. Көмектескен адамдардың бәріне рақмет айтамын», — деген Назарбаев.

Мешіттің ашылуына Назарбаев билік құрған кезде, айналасында жүрген адамдардың бәрі келген. Олардың арасында бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, экс-сенатор Қуаныш Сұлтанов, Жамбыл және Алматы облыстарының бұрынғы әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Амандық Баталов болған.

Сарапшылар пікірінше, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың билікті бақылауы біршама әлсіреген. Ол Қауіпсіздік кеңесін басқармайды. Туыстарының бәрі лауазымды қызметтерден шеттетілді. Бірқатар отбасы мүшелері қазір тергеу абақтысында отыр.

Биыл 5 маусымда өткен референдум кезінде Конституциядан Бірінші президентке қатысты баптар алынып тасталды. Ол «елбасы» деген мәртебесін де жоғалтқан.

Алайда Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасына «Елдің тұңғыш президенті — елбасы» деп жазды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »