Новости на Newstaraz.

Қазақстан үкіметі мұнай экспорты «толық қалпына келгенін» мәлімдеді

newstaraz.kz

Каспий құбыр желісі консорциумының (КТК) мұнай айдау мүмкіндігі қалпына келді, қазақстандық мұнайды қабылдау бұрынғыша толық жүзеге асып жатыр.

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов КТК бас директоры Николай Горбанмен кездесуден соң осылай деп мәлімдеді.

«КТК-ның теңіз терминалындағы зақымданған құрылғылар жөнделгеніне қуаныштымыз. Кедергі жойылып, енді Қазақстан мұнай өндіру қуатын толық қалпына келтіреді», — деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.

Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарында өндірілген мұнай КТК арқылы экспортталады. Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2021 жылы осы құбырмен 53,1 миллион тонна, ал биылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 миллион тонна қазақ мұнайы тасылды.

Биыл наурызда Новороссийск түбіндегі портта КТК-ның жағалаудағы екі құрылғысы істен шығып, мұнай айдау көрсеткіші шектелді. КТК арқылы ағатын мұнайдың шамамен 90 пайызы Қазақстаннан келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »