Новости на Newstaraz.

Қазақстан биыл суды Ресейден қымбатқа сатып алады (видео)

newstaraz.kz

2021 жылы Қазақстан суды Ресейден былтырғыға қарағанда қымбатқа сатып алады, бірақ су аз болады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Есқалиев 25 мамырдағы брифингте Азаттық тілшісінің сауалына осылай деп жауап берді.

— Былтыр 180 миллион текше метр суға біз шамамен үш миллиард теңге төледік. Биыл Ресейге 4,2 миллиард теңге төлейміз, 140 миллион текше метр су аламыз. Саратовтан. Онда электр қуатының тарифі өзгерді. Су Еділ өзенінен 92 метр жоғары көтеріледі. Сол себепті ақысын төлеуге тура келеді, қаражат су айдау станцияларының шығынын жабуға кетеді, — деді Есқалиев.

Су ресурстары жөніндегі сарапшы Мейрам Жұмабековтің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында 1960-жылдары су тапшы болған, сол кезде совет билігі суды Еділ өзенінен арналармен жеткізу туралы шешім қабылдаған.

— Қазақстан мен Ресей арасында су бөлуге қатысты хаттама бар. Қазір бұл хаттама жарамсыз болып қалды, өйткені Ресей жағы оны ескірген деп отыр. Білуімше, бізге су хаттамада көрсетілгендей көп келмейді. Хаттамада Батыс Қазақстан облысы мен Саратов облысының су үлесі көрсетілген. Өкінішке орай, облысқа Ресейден суды басқа да әдіспен алдыратын жолы жоқ, — дейді сарапшы.

Жұмабековтің айтуынша, Қазақстанның Ресейден сатып алатын суы Батыс Қазақстанның шөлейтті оңтүстік аудандарына беріледі.

2019 жылы Жайық өзенінің суы қатты азайып кетті. Өзен бойындағы тұрғындар ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына су жетпей жатқанын айтты.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »