Новости на Newstaraz.

Қазақстан мен Қытай Қорғас өзенінде бірігіп су қоймасын салуды қарастырып жатыр

newstaraz.kz

Қазақстан мен Қытай Алматы облысы Панфилов ауданы «Қорғас» өзеніндегі бірлескен «Достық» су торабында су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген Vlast сайты жазды.

Министрлік Алматы облысында осы мәселемен іс-сапарда жүрген «Қазсу» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысы мәліметіне сілтеме жасаған. Ақпаратқа қарғанда, су қоймасы мәселесін қазір екі ел үкіметтері қарастырып жатыр.

Жергілікті мамандар мен фермерлер 2013 жылы пайдалануға берілген Қорғас трансшекаралық өзеніндегі «Достық» су торабында кейінгі бірнеше жылда су қоры азайып кеткенін айтады. Мамандар су қоймасын салу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге болады деп санайды.

«Қазсу» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Алтай Елжасов су мәселесін жергілікті мамандар мен фермерлермен талқылаған. Кездесуден соң Қорғас өзенінде су қоймасының құрылысына байланысты жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, министрлікке ұсыну туралы шешім қабылданған.

«Аталған нысан трансшекаралық аймақта тұр. Сол себепті бұл мәселе екі ел үкіметтерінің деңгейінде қаралып жатыр. Бірақ соған қарамастан жергілікті атқару органдары нысан салынатын орынды анықтап, жоба-сметалық құжаттар жасап, экология министрлігіне таныстырады» деді Алтай Елжасов.

2019 жылы жергілікті БАҚ Қазақстан мен Қытай Қорғас өзенінде селден қорғайтын «Шұқырбұлақ» бөгетін сала бастағанын хабарлаған. Ақпарат бойынша, нысанды екі жақ бірдей қаржыландырып, бірігіп басқармақ.

Қорғас – Қазақстан мен Қытай шекарасы бойында орналасқан Іле алабындағы өзен. Жалпы ұзынды 180 шақырымнан асады.

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық суды пайдалану мен сақтау бойынша ұзақ жылдардан бері келіссөз жүргізіп келеді. Былтыр экология министрлігі бұл тұрғыда Қытаймен келіссөздің «күрделі жүріп жатқанын» хабарлаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »