Қазақстан мен Өзбекстан арасында пойыздар әзірге жүрмейтін болды
Нүкіс-Бейнеу және Ташкент-Алматы арасында халықаралық пойыздар әзір жүрмейтін болды.
“Узтемирйулйуловчи” компаниясының хабарлауынша, негізгі себебі Қазақстан карантин шектеулерін қайта енгізген.
Осының алдында 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасында пойыздар қайта жүре бастайды деп хабарланған. Қашан қалпына келетіні белгісіз.
Өзбекстан тарабы жолаушыларға сатып алынған билет толығымен қайтарылады деп хабарлады.
newstaraz.kz