Новости на Newstaraz.

Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды өзара алмаса алатын болды

newstaraz.kz

Парламенттің төменгі палатасы Қазақстан мен Өзбекстан арасында сотталған азаматтарды алмастыру туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы өткен аптада жергілікті басылымдар хабарлады.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтың хабарлауынша, бұл құжат жөніндегі келіссөздер жүріп жатқанына бірнеше жыл болған.

«Отбасы мүшелерімен, жақындарымен кездесіп тұрса, сотталған адамға оң ықпал ететіні сөзсіз. Сотталғандарды түзету мақсаты тек қана оны жазалау емес, сонымен бірге тәрбиелік ықпал ету, әлеуметтік байланыстарды сақтау. Шарт ережесіне тоқталсақ, сотталған адамды беру үшін, ең алдымен, оның келісімі қажет. Ол жазасын өз елінде өтейтіні туралы өтініш беруі тиіс» деді бас прокурордың орынбасары.

Ақпаратқа қарағанда қазір Қазақстанда сотталған 225 Өзбекстан азаматы өз елінде жазасын өтеу туралы өтініш білдірген. Ал Өзбекстанда сотталған Қазақстанның 20 азаматы жазасын елде өтеуі мүмкін.

Сотталған азаматтар ел егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса, ұлттық заңнамаға қайшы келсе, қаржылай қарыздары бар болса, сот процесі немесе тергеу әлі жүріп жатқан жағдайда өзара ауыстырылмайды.

Әсет Шындалиевтің айтуынша, 29 елмен осыған ұқсас келісім жасалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »