Новости на Newstaraz.

Қазақстан жәрдем сұраған 35 қазақты Ауғанстаннан атамекенге жеткізді

newstaraz.kz

Қазақстан қарулы күшінің арнайы ұшағы Ауғанстаннан Алматыға 41 жолаушы жеткізді. Ресми ақпаратта ұлты қазақ 35 адамның Ауғанстаннан атамекенге оралғаны айтылған. Тәліптер басып алған Ауғанстанда әлі жүздеген қазақ қалған. Олар Қазақстанға көшкісі келетінін айтып, Нұр-Сұлтаннан жәрдем сұрайды.

Бейсенбі, 9 қыркүйек күні кешке Алматы әуежайына қонған Қазақстан қарулы күштерінің арнайы ұшағы Ауғанстаннан 41 жолаушыны жеткізді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан ресми ақпаратта келгендердің арасында ұлты қазақ 35 адам бары айтылған.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына оралуы ұйымдастырылды» деп хабарлады СІМ.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың Азаттыққа айтуынша, Қазақстан жіберген арнайы ұшақ оларды Кабул әуежайынан алып шыққан. Қазақстанда және әлемнің өзге де бірқатар елінде террористік ұйым ретінде қызметіне тыйым салынған «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның БҰҰ таныған заңды үкіметін биліктен тайдырып, Кабулды басып алғаннан кейін сол елдегі ұлты қазақ азаматтарды Қазақстан үкіметі алғаш рет тарихи Отанына жеткізіп отыр.

Шетелдік қазақтармен бірге Ауғанстаннан Алматыға 4 қазақстандық, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған жеткізілген. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ұшақпен келгендердің бірі БҰҰ қызметкері дейді.

«Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады. Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды» деп хабарлады СІМ.

«Қазақстанның Кабулдағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасады» деп хабарлады ресми Нұр-Сұлтан.

Жұма күні Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Азаттыққа Ауғанстанда тұратын және атамекеніне қоныс аударғысы келетін ұлты қазақ азаматтарды Қазақстанға алдыру жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

Бұған дейін президент Тоқаев Қазақстан үкіметі Ауғанстандағы қазақ диаспорасын елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген.

– Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақстан шетелдік серіктестерімен тізе қосып жұмыс істеп келеді. Біз, ең алдымен, сол жердегі отандастарымызды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз еттік. Енді, біз Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз, – деді 8 қыркүйекте жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілердің сенім грамтосын тапсыру рәсімінде сөйлеген Тоқаев.

Ол сонымен бірге Қазақстан гуманитарлық ұстанымдарға сәйкес ауғанстандық 57 студенттің білім беру визасын ұзартқанын да айтқан.

18 тамызда Қазақстан 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын Ауғанстаннан эвакуациялаған. Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясы мен өзге де халықаралық ұйымдар кеңселері уақытша көшірілген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »