Новости на Newstaraz.

Қазақстанда 13 шілде коронавирус құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жарияланды

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде 13 шілдені коронавирус құрбандарын еске алу үшін елде ұлттық аза күні деп жариялады.

Телеүндеу кезінде ол «Қазақстан денсаулық саласы пандемияға дайын болмады» деп мойындап, тергеу жүргізілетінін, әкімдердің жұмысы тексерілетінін айтты.

«Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз» деді ол.

Тоқаев «бұрынғы денсаулық сақтау министрінің қателігінен, жұрттың сақтық шараларын сақтамағандығынан коронавирус жұқтырғандар саны өсті» деп санайды. Ол дәрі-дәрмек алғанға, медқызметкерлерді қолдауға бюджеттен тағы 150 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Қазақстан президентің мәлімдемесінде «кейбіреулер пандемия кезінде саяси ойындар ұйымдастырып, қоғамда араздық тудыруға тырысып жатыр» деді. Ол нақты кімдердің араздық қоздыруға тырысып жатқанын ашып айтпады, тек «олардың әрекетіне заңдық баға берілетінін» жеткізді. Тоқаев жалған ақпарат таратқандар, дәрі бағасын көтергендер де заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

Қазақстан басшысы бұл телеүндеуін елде билікке деген сын күшейген тұста жасады. Жұрт «билік коронавируспен күреске миллиардтаған қаржы бөлсе де, эпидпемияға дайын болмай шықты» деп сынайды.

Қазақстан билігі көктемде бюджеттен 13 млрд доллардан астам қаржы бөлген еді.

Қазір Қазақстанда 51 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 264 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі елде вирус жұқтырғандар ресми деректен көп болуы мүмкін деп мәлімдеген. Билік вирус жұқтырған жүзден астам марқұмды «өліміне басқа ауру себеп болды» деп ресми дерекке қоспай отыр.

Бұған қоса, Қазақстанда мыңдаған адам пневмониямен де ауырып жатыр. Бұл дерттен көз жұмғандардың да саны да мыңға жуықтады. Алматыдағы мәйітханалар алдында да жақындарының сүйегін алуға келгендердің қарасы көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияға шалдыққандардың көбінен коронавирус табылмағанын айтқанымен, оларды COVID-19 дертінің хаттамасымен емдеп жатыр.

Елде ауруханаларда орын тапшы, дәріханаларда дәрі жоқ. Өткен айда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен кетіп, оның орнына Алексей Цой тағайындалған. Біртановтың қызметінен кетуіне оның коронавирус жұқтырғаны себеп деп айтылған еді.

Жаңадан тағайындалған министр Цой 2 шілдеде «елдің барлық дәріханаларына дәрілер жеткізіледі» дегенімен, елде дәрі-дәрмек таппай жүргендердің шағымы әлі көп.

Қазақстан жұрты коронавирусты тоқтату үшін 16 наурыз — 11 мамырда екі айдай қатаң карантинде отырды. Елде төтенше жағдай болды. Кейін билік карантин шарттарын қайта жеңілдеде бастаған соң вирус жұқтырғандар саны арта бастады. Осыдан соң билік 5 шілдеде елде екі апталық карантин жарияланды. Бұл карантин ұзаруы да мүмкін.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »