Новости на Newstaraz.

Қазақстанда 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 20 адам қайтыс болды

newstaraz.kz

Қазақстанда тағы 1938 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды: 1921-інің коронавирус тесті оң шыққан, 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Тағы 20 адам өлімі тіркелді: 18 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы қаласында (611) тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында — 368, Алматы облысында – 255, Батыс Қазақстан облысында — 105, Атырау облысында – 103, Қарағанды облысында – 88, Ақтөбе облысында – 61, Павлодар облысында – 54, Ақмола облысында – 52, Шымкент қаласында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 34 , Маңғыстау облысында – 31, Жамбыл облысында – 36, Қостанай облысында – 35, Солтүстік Қазақстан облысында – 20, Қызылорда облысында – 18, Түркістан облысында 12 науқас тіркелді.

2020 жылдың наурыз айынан бері 255 028 адамның коронавирус тесті оң шықты. Содан бері 3110 адам қайтыс болған.

Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап анализінен коронавирус анықталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының да есебін жүргізіп келеді. Тоғыз айдан астам уақыт аралығында пневмонияның бұл түрімен 50 832 науқас тіркелген. 49 мыңға жуығы жазылып шыққан, 702-і қайтыс болған.

Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Алматы облысы, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» тұр. Шымкент, Ақмола және Қарағанды облыстары –»сары аймақта», қалғандары «жасыл аймақта» тұр.

Елде 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналау науқаны басталған. Соңғы мәлімет бойынша, 174 269 адамға вакцинаның кемінде бір дозасы салынған. Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау науқанының сылбыр жүріп жатқанын сынап, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ескерту жасаған. Осыдан кейін елдегі ең ірі қала Алматыда еріктілерге жаппай вакцина салына бастады. Бірақ үш күн өтпей жатып, вакцина тапшылығына байланысты екпе баяулады. Қала билігінің мәліметінше, екі күнде шамамен 17 мың адамға вакцина салынған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде барлығы 130 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған. Оның 74 миллионы жазылған, 3 миллионға жуығы қайтыс болған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »