Новости на Newstaraz.

Қазақстанның Тәжікстанға тегін қару-жарақ беретіні жайлы заң жобасы мәжіліс қарауына түсті

newstaraz.kz

Қазақстанның Тәжікстанға тегін қару-жарақ беретіні туралы заң жобасы Қазақстан парламенті мәжілісінің қарауына түсті. Бұл туралы бүгін, 15 шілдеде мәжілістің халықаралық істер мен қорғаныс комитеті төрайымы Айгүл Құспан хабарлады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің сөзіне қарағанда, заң жобасы Қазақстан үкіметі мен Тәжікстан үкіметі арасындағы «Тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін әскери — техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады.

Халықаралық істер мен қорғаныс комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның сөзінше, бұл келісімге екі ел 2021 жылы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған.

— Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық жәрдем көрсетеді. Комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын,- деді ол.

Тәжікстан биыл тамыз айында өзімен шекаралас Ауғанстан билігін алған «Талибан» қозғалысына қарсы екенін ашық білдірген еді.

1990 жылдардың бас кезінен Тәжікстан билігінде келе жатқан Эмомали Рахмон Ауғанстандағы қарулы жанжал кезінде тәліптерге қарсы күрескен ауған тәжіктерін қолдап келген. Тәліптер билігіне қарулы қарсылық көрсетіп отырған Ауғанстанның жалғыз өңірі – Панжшер шатқалына да тәжіктер тығыз орналасқан.

Кейінгі он жылда Тәжікстан әскеріне Ресей мен Қытай да қолдау білдіріп, АҚШ, НАТО, Еуроодақ және ЕҚЫҰ шекара бекеттеріне қажет жабдықтармен техникалар берген.

Қазақстаның Тәжікстанға тегін әскери көмек беретіні жайлы алғашқы хабар биыл 8 маусымда пайда болған.

Қазақстан қорғаныс министрлігі арнайы заң жобасын дайындап жатқанын, сол арқылы Тәжікстанға әскери көмек ретінде 3 миллионнан астам қару-жарақ беретінін мәлімдеген. Бұл хабарға қарағанда, әскери техника Жамбыл облысының Отар станциясындағы әскери бөлімнен Тәжікстанның Рохати станциясына жетуге тиіс.

Қазақстанның Тәжікстанға әскери көмегі жайлы ақпарат әлеуметтік желіде түрлі болжамдарға түрткі болған. Өйткені, содан бір айдан астам бұрын, 28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс болып, екі тараптан елуден астам адам оққа ұшып, жүзге жуық адам жараланған еді.

Осыған байланысты 8 маусымда Қазақстан Қорғаныс министрлігі түсініктеме беріп, Қырғызстанға да осыған ұқсас әскери көмек қарастырылғанын, Тәжікстанға берілетін әскери көмектің қырғыз-тәжік жанжалына қатысы жоқтығын айтқан.

Министрліктің айтуынша, 2021 жылы 17 сәуірде Тәжікстанмен, 2 наурызда Қырғызстанмен келісім жасалған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »