Новости на Newstaraz.

Қырғыз үкіметі Бішкек ЖЭО-ға көмір жеткізуді қазақ компаниясына жүктеді

newstaraz.kz

Жогорку Кеңештің депутаты Наталья Никитенко Facebook парақшасына Министрлер кабинетінің Бішкек Жылу электр орталығына көмір әкелуді қазақстандық компанияға беру жөніндегі қаулысын жариялады.

Оған сәйкес, «Электр станциялары» акционерлік қоғамына сәйкес Бішкек жылу электр орталығына (ЖЭО) көмір алып келу Hampton Resources Limited компаниясына жүктеледі.

Президенттің ресми сайты да бұл мәліметті растайтын түсіндірмесін жариялады.

Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, оның орынбасары Динара Кутмановамен Қазақстанның Қарағанды облысына іс сапармен барған. Онда «Ко» маркасындағы көмірді алу жөнінде келісімге келген.

Бас кеңсесі Лондонда орналасқан Hampton Resources Limited компаниясының атын атағысы келмеген өкілі бұл мәліметті растады.

«Біз күз айында Қырғызстанға ірі көлемде көмір жеткіздік. Бірақ, қырғыз тараптан көмірдің сапасы қалай екені жөнінде пікір күтіп жүрміз. Одан басқа ештеңе айта алмаймын».

Аталған компания Қарағандыдан көмір тасиды. Депутат Никитенко жеке компанияға стратегиялық маңызды нысанды беру шешімін сынға алған.

Никитенко қазақстандық Hampton Resources Limited компаниясы Қырғызстанда бірінші рет пайда болмағанын, қаңтар айында сол кездегі вице премьер-министр Равшанбек Сабиров аталған компанияның өкілдерімен кездескенін жазды.

Ашық мәлімет бұлақтарында Hampton Resources Limited мекемесінің кеңсесі Лондондағы мекен-жайын көрсетіп, Қазақстандағы бірқатар компаниялармен жұмыс істейтінін жазған.

Бішкек жылу электр орталығы (ЖЭО) 2021-2022 жылдың күз-қыс мезгілдері үшін 1 миллион 650 мың тонна көмірмен қамтамасыз етуі керек. Оның миллион тоннасы жергілікті – Кара-Кеченің көмірі. Қалғаны Қазақстаннан импортталады. Бұдан бөлек «Газпром-Қырғызстанмен» 68 миллион текшеметр газға келісім түзілген.

2018 жылдың қаңтар айында ЖЭО-да апатты жағдай орын алып, Бішкекте бірнеше күн жылу болмаған. Бұл оқиғаға байланысты бірқатар шенеуніктер «Коррупция» бабымен сотталған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »