Қырғыз үкіметі COVID-19 вакцинасы куәлігін сатуға қатысты жайттарды тексереді
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакцинасының куәлігі сатылып жатқаны туралы журналистік зерттеуде айтылған жайттарды тексереді.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 желтоқсанда министр Алымкадыр Бейшеналиев осындай тапсырма берді. Министр бұл жайтты «шұғыл тексеріп», кінәлілерді жазалауды талап етті. Сонымен бірге, материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылады.
Еске салайық, Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын цифрлы куәлік биыл шілде айынан бастап беріле бастады.
Қырғызстанда 18 жастан асқан азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны биыл 29 наурызда басталды. 17 қарашадан бері қырғызстандықтар вакцинаның үшінші дозасын салдыруға мүмкіндік алды.
newstaraz.kz