Новости на Newstaraz.

ҚЫТАЙДАҒЫ ІНДЕТТЕН 17 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

newstaraz.kz

Қытайдан шыққан қауіпті індет күллі әлемге тарай бастады. Коронавирустан қаза тапқандар саны бүгінде сәт сайын артып келеді. Соңғы деректер бойынша инфекцияны 570 адам жұқтырып, оның 17-сі қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің кәдімгі тұмаудан айырмашылығы жоқ екен. Тек соңы өлімге апаруы мүмкін. Коронавирустан қалай сақтанамыз? Бізде бұған қарсы вакцина бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Коронавирустың қауіпті түрі Қытайдың Ухань қаласынан белең алды. Қазір өңірде жағдай ушығып тұр. Карантин жарияланып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған. Өйткені қауіпті індетті жұқтырғандар саны сәт сайын артып жатқан көрінеді. Еліміздің Бас санитары келтірген соңғы деректер бойынша, әлемде 600-ге жуық адам коронавирусқа шалдығып үлгеріпті. Оның 17-сі көз жұмған. Ал Қытай індеттің жалпыұлттық эпидемияға ұласуынан қауіптеніп отыр. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бүгінде елдегі жағдайды қатаң бақылауға алған. Бір анығы, қауіпті індеттің бетін қайтаратын вакцина жоқ. Өйткені бір вакцинаны әзірлеуге жарты жылдай уақыт кетеді екен.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ
“Барлық халықаралық әуежайларға қашықтық термометрия енгіздік. Қытай республикасына барып жатқан халыққа біздің ең біріншіден айтатынымыз, себебі болмаса жолға шығуды шектеу керек. Хубэй провинциясына, Ухань қаласына бармауды ұсынамыз. Көп адамдар жануарлар сатып жатқан жерге барып қажеті жоқ”.

Өйткені, бастапқы болжамдар, дертті жабайы жануарлармен байланысырып отыр. Аурудың алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға ұқсас. Вирусты жұқтырған адам әлсірейді, дене қызуы жоғарылайды, кеуде қуысы ауырып, қақырық бөлінеді, оған қоса қатты жөтел пайда болады. Өкпесін флюорографиядан өткізген кезде қара нүктелер мен қақырық дақтары болуы мүмкін екен. Қытайдың Шыңжаң провинциясында тұратын қазақстандық Нұргүл Талаппен байланысқа шығып көрдік. Айтуынша, індет Қытайдың орталығын жайлаған.

«Бізді жұқпалы жөтел мен өкпенің қабынуы тарап жатқаны туралы ескертті. Шыңжаң өңірінде ауруға шалдыққан әзірге адам тіркелген жоқ. Алайда адамдар көп жиналатын жерге бармаңдар деп дабыл қағуда. Тазалыққа мән беріңдер деп қатаң ескертіп жатыр».
(Қытайдың Шыңжаң провинциясында тұратын Нұргүл Талаптың whatsApp желісіндегі хабарламасынан)

Тазалыққа мән берудің маңыздылығын Жандарбек Бекшин де ескертіп отыр. Қолды жиі жуу керек. Бетперденің де сапалысын қолданған жөн. Өйткені дерттің адамнан-адамға жұғатыны нақтыланды. Айтпақшы, Ухань қаласы карантинге жабылғандықтан, ол жақтағы отандастарымызды қайтару мүмкін емес. Бүгінде ол жақта 90-нан астам қазақстандық студент оқып жатыр.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
“Ол жаққа кіру де, шығу да енді мүмкін емес. Олар сол өңірдің адамдармен сөйлесті, байланысқа түсті. Біз енді оларды сау қалпында қайтаруымыз керек. Ем алулары қажет. Инфекцияның ошағынан кері қайтару мүмкін емес. Олардың дені сау екеніне көзімізді жеткізуіміз керек. Қытайдағы отандастарымызбен Консулдық пен Сыртқы істер министрлігі арқылы байланысып тұрамыз”.

Тағы бір айта кетерлігі, белгісіз індетті жұқтырғандардың басым бөлігі балық базарларында жұмыс істеген екен. Осыған орай мамандар,теңіз өнімдерін қолдануды шектеп, жан-жануарлардан аулақ болуға кеңес беріп отыр. Қауіпті вирус Қытайдан бөлек, Тайвань, Оңтүстік Корея, Таиланд, Жапония және АҚШ-ты жайлап үлгерген.

Алматы мен Нұр-Сұлтанды алып қосқанда аспанасты еліне Қазақстаннан 8 әуе рейсі қатынайды. Олардың барлығы бүгінде қатаң бақылауға алынды. Шекарада да қауіпсіздік шараларына ден қойылып отыр. Індеттің беті қайтпаса, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық төтенше жағдай жариялауы мүмкін.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »