Новости на Newstaraz.

ҰҚШҰ саммитінде қырғыз президенті тәліптермен диалогты қолдады

newstaraz.kz

Саммит ОДКБ в Душанбе, 16 сентября 2021 года

16 қыркүйекте Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кезекті отырысы өтті. Негізгі күн тәртібіндегі мәселе — Ауғанстандағы жағдай.

Саммит таңғы сағат 10.00-да басталып, 2,5 сағатқа созылды. Жиын жабық есік жағдайында өтті. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрі және Ресейдің сыртқы істер министрі қатысты. Ресей басшысы Владимир Путин онлайн-форматта қатысып отырды.

Жиын кезінде Қырғыз президенті Садыр Жапаров тәліптермен Ауғанстандағы жағдайды тезірек қалыпқа келтіру және ынтымақтастық мәселесінде диалогқа келу керек деген.

Керісінше Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон болса, «Талибан» қозғалысы өзінің берген уәдесін орындамады деп сынға алған.

«Тәліптер өзге де этникалық топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құрамыз деген уәдесін орындамады. Оның үстіне ортасғасырлық шариғат заңына сүйеніп, ислам Эмираты құрамыз деп мәлімдеді», — деген тәжік президенті.

«Талибан» қозғалысы 7 қыркүйекте уақытша үкімет құрғанын жариялаған. Уақытша үкімет құрамына екі тәжік, бір өзбек кірді. Тәліптер осыны инклюзивті үкімет деп атады.

«Тәліптердің жариялаған уақытша үкіметі саяси, этникалық, тіл және гендерлік мәселені есепке алмай отыр. Бұл екі-үш жылда Ауғанстан экстремистік иделогияны насихаттап, деструктивті идеялар қарқын алады ма деген қауіп тудырады», — деп атап өткен Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті сонымен бірге Ауғанстаннан күнделікті келіп жатқан ақпаратқа сәйкес, жағдай біз ойлағаннан да күрделі екенін көрсетіп отыр деген. Ол тәліптерді Панджшер қаласын тұтастай қоршап, азық-түлік жібермей отыр деп айыптады.

Әзірге Ресейдің Ауғанстандағы жағдайға байланысты ұстанымы айқын болмады. Владимир Путин онлайн арқылы әріптестеріне кез келген жағдайға дайын болуға шақырған.

17 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің лидерлерінің бас қосуы өтеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »