Фото обыска депутата во время заседания в Андижане с Телеграм-канала депутата Олий Мажлиса Расула Кушербаева.
Өзбекстанда Әндіжан облысының қалалық және аудандық кеңестерінің бір топ депутаты президент Шавкат Мирзияевқа видеоүндеу жолдады. Олар мемлекет басшысынан Әндіжан әкімі мен прокурорын сынағаны үшін қудалауға ұшыраған депутат Шухрат Каримов ісіне назар аударуын сұраған.
«Лауазым иелерінің кейбірі депутаттарға қысым көрсетіп отыр», «жергілікті кеңес депутаттарының құқықтарын өрескел бұзды» дейді үндеу авторлары.
Бұған дейін хабарланғандай, Әндіжан қалалық кеңесінің 17 мамырдағы отырысында «қалалық прокурордың біліктілігін тексеруді талап еткен Шухрат Каримов депутатқа тиіспеу құқығынан айрылғаны» айтылған. Каримовтың әріптестерінің мәлімдеуінше, Әндіжан әкімінің жер мәселелеріне қатысты шешімдерін сынап, қалалық прокурор біліктілігін тексеруді талап еткен соң депутатқа қысым күшейген.
20 мамырда Бас прокуратура депутат Шухрат Каримовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оған жалған құжаттар жасады, өз еркімен билік етті деген айыптар тағылған.
Бұл уақытта Өзбекстанның әділет министрлігі «депутатты тінту мен оның құзыретіне кедергі келтіру заңсыз» деп мәлімдеген.
newstaraz.kz