Әндіжанда студент оқу орнының жатақханасында асылған күйі табылған
Әндіжан көлік құру институтының “логистика» факультетінің екінші курс студенті өзіне қол салған.
Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 5 тамызда 23 жастағы жігіт жоғары оқу орнының жатақханасында түнеген, ертесі күні сағат 9:30-да ол әжетхана ішіндегі сымға асылған күйі табылған.
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама тағайындалған.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
newstaraz.kz