Новости на Newstaraz.

Өскеменде АЭС отынын шығаратын қазақ-қытай кәсіпорыны іске қосылды

newstaraz.kz

Қазақстанда АЭС отынын шығаратын қазақ-қытай кәсіпорыны жұмысын бастады. Бұл жөнінде сәрсенбі күні «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы АҚ хабарлады.

Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыт аумағынан ашылған кәсіпорын – индустриализация бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан 55 қазақстандық-қытайлық жобаның бірі.

«Үлбі жылу бөлетін құрастырма» Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылары – Үлбі металлургиялық зауыты (51% үлесі бар «Қазатомөнеркәсіпке» еншілес компания) және CGNPC-URC (49% үлесі бар China General Nuclear Power Corporation еншілес компаниясы).

Зауыт құрылысына Қытай, Франция және АҚШ-та өндірген жоғары технологиялық жабдықтар пайдаланылды. Зауытта ядролық реактордан жылу энергиясын алуға арналған инженерлік құрылымдар – жылу бөлетін құрастырмалар шығарылады» делінген компания хабарламасында.

Компания өкілдерінің айтуынша, өндіріс орны «Қазақстанға атом станцияларына ядролық отын шығарып, тасымалдайтын санаулы мемлекеттер құрамына кіруіне мүмкіндік береді».

Компанияның ақпаратынша, ядролық реактордан жылу алуға мүмкіндік беретін бір жылу бөлгіш құрастырмада (ТВС) 264 жылу бөлетін элемент болады. Ұзын металл білік болып келетін инженерлік құрылымға отын күйіндегі таблеткалар орналастырылады.

Компания сайтындағы мәліметке қарағанда, Үлбі-ЖБҚ» ЖШС француздың Framatome компаниясының сертификатын алған. Бұл құжат зауыттың 200 тонна уран көлемінде AFA 3G дизайнындағы жылу бөлетін құрастырма дайындай алатындығын растайды.

Ресми ақпаратта қытайлық China General Nuclear Power Corporation компаниясының «Қазатомөнеркәсіппен» 2006 жылдан бері уран өндіру, табиғи уран сату және таблетка шығару бойынша әріптестік орнатып келе жатқаны жазылған.

Бұған дейін жергілікті БАҚ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының екі уран кенішіндегі үлесін қытайлық China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясына сатқанын хабарлаған.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »