Новости на Newstaraz.

Өзбек жаттықтырушысының қазақтар туралы айтқаны қызу талқыланып жатыр (видео)

newstaraz.kz

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахуновтың сұхбаты желіде қызу талқыланып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өзбек жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов көпшілікке жақсы таныс. Әсіресе оның өзбек боксшыларының әр соққысына «ай, молодец» деп айғайлап отыратыны белгілі. Тіпті көпішілік тисе де, тимесе де қоштап айғайлап отыратын қылығына наразы болатын.

Сербияда өткен бокстан әлем чемпионаты кезінде Ютубтегі SPORTS UZ арнасына сұхбат берген жаттықтырушы, өзбектер мен қазақ боксшылары туралы айтты. Әсіресе әңгіме Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов жайлы болды.

Рахматжон Рузиахунов «Хасанбойдың нақты соққылар көп болды, екінші раундта таза жеңді, үшінші раунда қазақ боксшысы қашып жүрді» дегенді айтты.

Дегенмен желідегілер мұнымен келіспейтінін көрсетті. Тіпті бірқатары оның «танымал» «ай, маладес» сөзін күлкіге айналдырды.

«Ассаламуалейкум!!! Өзбек ағайындар. Мен бұл тренерді ұнатпаймын. Егер бұл кісі мықты болса, спортты расымен жақсы көрсе. Қарсыластарды баспен ұрып, қабақтарын жармаңдар деп айтушы еді. Бұл кісіге қалай жеңсен солай жең дегендей «ай маладес» деп айқайлай береді. Техникаға үйрету керек балаларды», деп жазды оқырмандардың бірі Қуанышбек Ибрагимов.

«Ау, өзбек ағайындар, қазаққа өкпелей бермеңдер», «Өзбек ағайындар.Бізге Ресей, Куба, АҚШ-пен жарысу керек. Біз көрші ағайынбыз», «Эмоцияга берілмеу керек. Ал Рахмотжан рингкте боксшы емес ит төбелістірп жатқан сияқты әсер калдырады», деп қосты өзгелері

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »