Новости на Newstaraz.

14 жастағы қазақ қызы төрт зорлаушының бірінен жүкті болып қалды

newstaraz.kz
Аналар үйі. Скриншот видео express-k.kz

14 жастағы жасөспірімді төрт жігіт жабылып зорлаған. Салдарынан қыз бала олардың бірінен жүкті болып қалды. Бұл туралы «Экспресс-К» сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қазақстанда жеткіншектердің жүктілігі жиілеп келеді. Ресми статистикаға сәйкес, мың жеткіншектің отызы босанып жатады. Жеткіншектердің жүкті болуынан Тәжікстан көш бастауда. Онда мың оқушының 50-і ана атануда.

Жақында Алматының Ана үйлерінің бірінде 14 жастағы Әйгерім өзіне жалғыз баспана тапты. Ата-анасы туған ауылында қалды. Ал қыз бала тоғызыншы сыныпты жаңа бітірсе де, ана атануға дайындалуда. Әйгерім құрсағындағы баланың әкесі кім екенін білмейді.

«Мен көрші ауылдың жігітімен таныстым. Ол кездесуді ұсынды. Бастапқыда ол маған саусағының ұшын да тигізбейтін. Алайда бір күні мені алып кетіп, зорлап тастады. Мен мұны біреуге айтуға қорықтым. Ол айтсам, өлтіріп тастаймын деп қоқан-лоққы көрсетті. Үш айдан кейін бұл жайт қайталанды. Алайда одан бөлек тағы үш досы мені жабылып зорлады», — дейді оқушы.

Похожие статьи
Әйгерім. Скриншот: express-k.kz

Қыз бала мектептегі медициналық тексеріс кезінде жүкті екенін бір-ақ білген. Ал Әйгерімнің ата-анасы болса, сөзге қалудан қорқып, одан бас тартқан.

Тағдырдың тауқыметіне ұшыраған қыз бала бастапқыда өзіне қол салмақ болған. Дегенмен жақсы адамдар дер кезінде оған Алматыдағы аналар үйіне баруға кеңес берген.

Әйгерім баланы жалғыз өзі тәрбиелемек. Жеткіншек болашақта фармацевт әрі жақсы ана атанудан үмітті.

Татьяна Куанның материалынан аударылды.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »