140 МЫҢ ТЕҢГЕ ҮШІН: КҮЙЕУІ ӘЙЕЛІН ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛУЫН ҚАЛАЙДЫ
Өмір бойына бас бостандығынан айырылсын! Ақтөбеде сатушының мойнына 30 рет пышақ сұғып, оны асқан жауыздықпен өлтіргендерге жақындары мен ауылдастары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр. Қанды қылмыс Қарғалы ауданының Бадамша ауылында болған еді. Феруза Пірманованы қанға боялып жатқан жерінен күйеуі тауып алған. Осы уақытқа дейін ауылдықтарды үрей құшағында ұстап келген қылмыскерлер кім? Олар неге жазаларын толық мойындамай отыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Феруза Пірманованың өліміне қатысы бар деп қамауға алынған адам- екеу. Біреуін күллі Бадамша таниды. Ауылдастары сотталушы Марат Жүсіповтің бұрыннан істі болғанын айтты. Үш рет «отырып» шықты деп отыр. Маратты дәл сол күні дүкеннің маңынан көрген куәгерлер де бар болып шықты.
СӘУЛЕ АЛДАБЕРГЕНОВА, КУӘГЕР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ол көлікке отырды. Қолында үлкен сөмке болды. Соны көліктің жүксалғышына тиеді. Көліктің ішінде еуропа нәсілді тағы бір еркек отырды. Ол аппақ киініп алған. Ферузаны асқан жауыздықпен өлтірді, сол үшін қатаң жазаласын!».
Бадамша ауылының тұрғындары сотталушылар жазасын жеңілдете ме деп алаңдайтындарын айтты. Өйткені, бұған дейінгі сот отырыстарында «біз тек ұрлық жасауға бардық, адам өлтіруге емес» деп ақталумен болыпты. Сондықтан, марқұмның күйеуін қолдау үшін бір топ ауыл тұрғындары келіпті.
МАДИНА ЫСҚАҚОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОРҒАУШЫ: «Мынау Тілек Пірманов біздің коллега. Ана магазинде біздің терминал тұрды. Аналар, убийцаар вскрывать пытались. Они опасны, олар готовились к этому,. На его счету это не первое убийство. Первое убийство совершал в 18 лет. Его убийцу нелзья выпускать. Опасный человек, он опасен для общества».
МАМАЙ ЕСЕЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСҚАНЫ: «Бұл өзі екі рет отырып шыққан кісі екен. Екеуінде де адам өлтірген. Үшінші случай. Өмірлікке жіберу керек. Тілегіміз, ол адам қайтып келмейтін болсын»
Сол күні дүкенде Феруза жалғыз болған. Ол қарақшылардан қашып құтыла алмапты. Қаскөйлер әйелдің соңғы демі шыққанша, пышақпен ұра берген. Қансырап жатқан жерінен күйеуі тауып алыпты. Ерлі-зайыпты Феруза мен Тілектестің екі қабатты үйдің бірінші қабатынан дүкен ашып қойғанына он жылға таяп қалған. Отағасы әйелі оларды танып қалып, қарсылық көрсеткесін, жауыздықпен өлтірген дейді. Бұзақылар 140 мың теңгені алып, подъезд арқылы шығып кеткен.
ТІЛЕКТЕС ПІРМАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ КҮЙЕУІ: «Жеңіл жаза бермеуі керек, ауыр жаза сұрадық. Өмір бақилыққа».
Феруза Пірманова тірі болғанда биыл 47 жасқа толатын еді. Артында күйеуі мен үш баласы қалды. Үшеуі де- студент. Сот әлі жалғасып жатыр.
newstaraz.kz