Новости на Newstaraz.

25 жастағы келіншек кішкентай қызы мен күйеуін тастап, Сирияға аттанған (фото)

newstaraz.kz

Марем Шихаева. Фото: crimea.kp.ru

Ростовск тұрғыны 25 жастағы Марем Шихаева ИГИЛ террористер ұйымының қатарына қосылу үшін бес жастағы қызын тастап, Сирия қаласына қашып кеткен деп хабарлайды crimea.kp.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

25 жастағы Марем Шихаева қазір Сириядағы тыйым салынған ұйым әскерлерін емдейтін емханада істейді.

Қыздың өзін құрбанға айналдыруы мүмкін дегенге ешкім сенбеген. Себебі, Марем Шихаева ещқашан дін жолын ұстанбапты.

Көңілді, мінезі ашық қыз  шулы кештерді жақсы көретін. Бірақ, оның өмірі  бір сәттің ішінде толықтай өзгереді: Марем хиджап киіп, кішкентай ғана қызын тастап, шет ел асып кеткен. Кетпестен бұрын, туыстарынан шамамен 300 мың рубль ұрлаған.

Похожие статьи

Ростовск облысына жеті жыл бұрын көшіп келген дағыстандық қыз таныстарының тойында Руслан Ибрагимовпен танысады. Жастар отау құрып, балалы болады.

«Әскерге дейін бәрі жақсы болды, келгенімде оның қатты өзгеріп кеткені байқадым, — дейді күйеуі -Ол ішімдік ішіп, шылым шегіп, ақша ұрлауды шығарды. Кейін біз ажырасып кеттік, ол кішкентай қызымызбен менің анамның үйінде қалған. Сирияға қашатыннан бұрын, ол маған: «Алла үшін соғысайық» дегенді айтқан. Менің ойымша, оның басын интернет арқылы айналдырып алған», -дейді Маремнің бұрынғы күйеуі.

Марем Шихаева. Фото: crimea.kp.ru

Маремнің ол жаққа қалай барғанын анықтаған арнайы қызмет мамандары оның Стамбұл арқылы Сирияға кеткенін білді. Жақын құрбысының айтуынша, оның арманы — желі арқылы сөйлесіп жүрген командирдің біріне тұрмысқа шығу болған екен. Бірақ, ол барып үлгергенше, жігітін өлтіріп тастапты.

Қазіргі таңда дайындықтан өткен Марем адамдарды қарумен қалай өлтіруді біледі деген ақпар бар. Ол Ракка қаласында террористік ұйымның мүшелеріне медициналық көмек көрсетіп жүр. Өзін жаруға дайындалып жүруі де әбден мүмкін.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »