Новости на Newstaraz.

77 ауруға ем өсімдік

0 15

Ол өсімдік туралы 4000 жылдай бұрын Египетте папириуста жазылған. Әйгілі Әбу-Әли –Ибн-Сина бабамыз да айтып кеткен. Ежелгі Римде жауынгерлердің нанымы бойынша аяқ киіміңіздің ішінен табаныңызға салған ол өсімдік адамға күш береді деп есептелген.. Ал қазіргі қыс мезгілінде суық тиюден сақтануда да оның маңызы зор. Ол қандай өсімдік дейсіздер ғой, ол-әрина бәрімізге белгілі сарымсақ (чеснок). Отаны Оңтүстік-Шығыс Азия болып есептеледі. Есте жоқ, ескі заманда тағамға қосатын дәмдеуіштердің «билеушісі» атанған. Ол тек асқа ерекше дәм мен иіс беретін дәмдеуіш қана емес, көптеген емдік қасиетке ие. Дәрігерлер күн суықта жұқпалы аурулардан сақтану үшін сарымсақты көп мөлшерде пайдалануды ұсынады.

Ескі кітаптарда жазылғандай сарымсақтың қанды тазартатын, ағзадағы қартаю процесін баяулататын, суық тиюге қарсы тұра алатын және аурудан кейін күшті жинап алуға болатын қасиеттерге ие. Сарымсақ іштегі микробтарды жояды, қан тазалайды, дәрумендер жеткіліксіз болған кезде, сарымсақтың құрамындағы кварцетин қатарлі аурулардың, жүрек-қан тамырлар ауруларын емдеуге көмектеседі, қанды сұйылтады, қан қысымын түсіреді, инфаркт-инсульттің алдын алуға, іштегі құрттары түсіруге пайдасы зор. Сонымен қатар, іштегі желді, өтті айдайды. Жалғыз-ақ ескертетін жайт, егер асқазанда қандай да кінарәт болса, абайлап пайдаланған абзал, себебі ол ауруды асқындырып жіберу мүмкін. Сарымсақ майы ауаға тез таралып кетеді, денеге тері арқылы да тез сіңеді..мысалы өкшеңізге сүйкеген сарымсақ майы 10 минуттан кейін деммен шыққанын байқалған. Сол себепті сарымсақ бөліктерін тұмаудың алдын алу мақсатында балалардың мойынына байлаған, тіл-көзден, жын-шайтаннан қорғайды деп босағаға ілген.

Жастығымызды ұзартамыз, ол үшін сарымсақ емес, оның қабығын да тастамай, бағалы қалдықты пайдаға асырған жөн.

Сарымсақ қабығынан пайдалы сусын дайындап, ай сайын қабылдаса болады. Ол сусынды былай дайындайыды: бір уыс сарымсақ қабығы салынған стақанның үстіне қайнаған су құйып, 6-8 сағаттан кейін сүзіп, күніне 4 стақанға дейін сусынды ішу керек.( ыстықтай ішуге болмайды). Сіздің теріңіз тазаланады, жүрек-қан тамырлар ауруының, суық тиюдің, аллергияның алдын алады. Сарымсақпен емделудің жолдары өте көп, сарымсақ тұнбасын, оның майын жасау жолдары қажет десеңіздер, хабарласыңыздар. Келесі жолы басқа өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы туралы айтайық.


Рабига Сыргабаева

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.