Новости на Newstaraz.

АҚШ-та сауда үйіндегі атыста төрт адам қаза тапты

newstaraz.kz

Американың Индиана штаты Гринвуд қаласындағы Greenwood Park сауда үйінде атыс болып, төрт адам қаза тапқан. Бұл жөнінде BNO News телеканалы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Гринвуд қаласы полиция басқармасының басшысы Джим Исон Greenwood Park сауда үйінің фудкортында ер адам винтовкасын алып оқ жаудырды деп мәлімдеді. Куәгерлер кемінде 30 рет оқ атылғанын айтады.

Қаза тапқандардың бірі оқ жаудырған адам. Оның аты-жөні әзірге жарияланбай жатыр. Оны қаруланған адам атқан. Тағы екі адам ауыр жараланған, олар ауруханаға жеткізілген.

Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. Гринвуд Индиана штатының шетінде орналасқан. Онда 60 мың адам тұрады.

АҚШ-та соңғы кезде атыс оқиғасы жиіленіп кеткеніне байланысты президент Джо Байден Конгрессті қару-жарақ сатуға тыйым салу жөніндегі заң қабылдауға шақырды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »