Новости на Newstaraz.

АҚТӨБЕЛІК ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР: БІР-БІРІМІЗДЕН АҚША СҰРАП ЖҮРМІЗ

newstaraz.kz

Бір-бірімізден ақша сұрап жүрміз! Ақтөбенің волейболшылары екі айдан бері жалақысыз жүргендерін айтып, шағымданды. Волейболдан жоғары лигада ойнайтын спортшыларға облыстық федерация лицензиясын бермей қойған. Енді спортшылар не басқа клубқа ауыса алмаймыз, не ел чемпионатына қатыса алмаймыз дейді. Екеуара дау неден шықты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Талай додадан жүлделі оралып жүрген жігіттерде көңіл-күй жоқ. Волейболдан облыстық федерация басшысы отыратын кеңсенің табалдырығын тоздырып жүргендеріне екі ай болыпты. Спорттық карьералары да қыл үстінде тұр. Өйткені, алдағы жарыстарға қатысу-қатыспауы да белгісіз. Ал лицензия облыстық волейбол федерациясы басшысының қолында. Ойыншылардың айтуынша, ол тендерден ұтылып қалған.

АНАРБЕК ТАҢБАЙ, «АҚТӨБЕ» ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: «Жақында тендер ойнатылған болатын. Ол кісі ұтылып қалды ол тендерден. Енді біздің қатысымыз жоқ. Біз игрокпыз. Кім ұтты, кім ұтылды, біздің қатысымыз жоқ. Біреу ұтты ма, ауысуымыз керекпіз. Енді біз ол қағазды ала алмай в дальнейшем жұмыс істей алмаймыз. Жұмыс жасайық десек те басқа клубтарға ала алмайды. Лицензиямызды бермей жатыр».

Команданың көрсеткіші көңілге қонымды. Екі жыл қатарынан ел біріншілігінде күміс жүлде алыпты. Облыстың намысын қорғап жүрген ойыншыларға қазірдің өзінде «құда» түсіп отырғандар бар. Бірақ, барлық мәселе баяғы лицензияға келіп тіреліп тұр. Жаңа қожайын лицензиясыз айлық төлей алмайды.

ДАНИЯР СЕРІКОВ, «АҚТӨБЕ» ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: «Біз қазір басқа клубқа ауысқымыз келіп отыр. Ұсыныс түсіп жатыр. Бірақ, лицензия болмағасын, ауыса алмаймыз. Бізге уже неше ай болды. Екі ақша төлей алмай отыр. Қаншама адам кредиті бар мына жерде. Бала-шағасын да асырап отырған адамдар бар мына жерде. Ақша жетпей жатыр. Бір-бірімізден ақша сұрап жүрміз».

Волейболшылар лицензиясын сұрап федерация басшысына тағы да келді. Федерация басшысының айтатын өз уәжі бар. «Жігіттер келісім-шарт аяқталғанымен, клубтан кетуге арызын жазбады, спорттық киімдерін тапсырмады» дейді. Әрі қарай жағдайды заң шеңберінде шешуге шақырды.

МҰРАТҚАЛИ ТӘЖІҒҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Мен болса да , бере алмаймын. И менде қазір жоқ лицензия. Менің айтқанымды түсінбейді. Сейчас ничем не могу помочь. Я вам говорил, обратитесь в прокуратуру».

Даулы мәселенің бар екенін облыстық спорт басқармасындағылар да біледі. Жағдайға республикалық федерацияның араласуын сұрап хат жазыпты.

ЕВГЕНИЙ ГОНЧАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Негізі, тендерде жеңімпаз болған тарап лицензияны бұрынғы қожайынынан сатып алуы тиіс. Біз қазір кімдікі дұрыс, қайсысы бұрыс- анықтап жатырмыз. Волейболдан республикалық федерацияға хат жолдадық. Болып жатқан жағдайға қатысты пікірін күтіп отырмыз. Біздің команданың чемпионаттан тыс қалғанын қаламаймыз».

Ал тендерді биыл «ПОШ» спорттық сауықтыру кешені ұтып алған. 63 миллион теңгеге олар жыл бойы клубтың жағдайын жасауы керек.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »