Новости на Newstaraz.

АҚШ-та 18 жастағы өзбек жігітін басынан атып өлтірді

newstaraz.kz
Оқ тиген жас жігіт. Фото: Ras.kz

АҚШ-тың Мэриленд штатында 2 қазан күні кешке Сардор Файзиев есімді 18 жасар өзбек ұланы басынан атып өлтірілді. Бұл туралы өзбек мигранттарының Uz-Rek.com сайты ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Сол күні кешке Сардор екі досымен бірге өз машинасында отырған. Кенет олар отырған көлікке бейтаныс қара нәсілді жігіттер келіп, өзбек жігітінің басынан тапаншамен атып кетеді.

Похожие статьи

Сардор соңғы жылдары АҚШ территориясында тұрып, оқыған. Franklin High School-де білім алған. Ал отбасы АҚШ-қа 2006 жылы қоныс аударып, Мэрилендте тұрып жатқан көрінеді. Сардор отбасындағы жалғыз ұл болған. Оның соңында енді ата-анасы және екі қарындасы қалды.

Басылымның мәліметінше, баланың басына оқ тигеннен кейін оның бір досы полицияға қоңырау шалып, хабар берген. Оқиға болған жерге полициямен бірге «жедел жәрдем» көлігі де келген. Дәрігерлер баланы ала кетіп, Мэриленд университетінің ауруханасына апарған. Мұнда жеткізілгенде жасөспірім әлі тірі болған. Бірақ содан кейін медиктерді бар күштерін салғандарына қарамастан, ұлан қайта есін жия алмай, жантәсілім етіп кеткен.

Полиция қылмыстың ізін суытпай, Сардорға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Енді алған екі қылмыскерді іздеу жүріп жатыр. Детективтер алдымен Брайан Лионель Гонсалес есімді қылмыскерді анықтаған. Баланың ата-анасы Сардордың мәйітін отанына апарып, Ташкентте жерлеуге шешім еткен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »