Новости на Newstaraz.

АҚШ-та тағы бір өзбекстандыққа терроризм айыбы тағылды

newstaraz.kz

АҚШ Федералдық соты өзбекстандық босқын Бахтиер Жұмаевқа терроризммен байланысты екі қылмыс жасады деген айып тақты.

The Denver Post газетінің хабарлауынша, прокурорлар Жұмаевты «Ислам жихады одағы» террорлық тобына қаржылай көмек көрсетті және оның құрамына кірмек болды деп айыптайды. Прокурорлардың мәліметінше, өзбекстандық босқын арнайы код арқылы террорлық топ есепшотына 300 доллар ақша аударған.

30 сәуірде өткен сот отырысында Бахтиер Жұмаевтың адвокаты Дэвид Бэрри Савиц күдіктіге қарсы айыпты терістемек болып, 300 долларды ол өз қарызын төлеу үшін аударғанын мәлімдеген.

Адвокат Федералдық қаупісіздік қызметінің агенттері Жұмаевтан жалған куәлік алды деп есептейді.

Похожие статьи

Адвокаттың сөзінше, Бахтиер Жұмаев зиратта кезекшілік атқарған. «Сондықтан үш сағаттық тергеу кезінде ол қатты үрейленіп және шаршап тұрды, ол өзін торға түсіп қалғандай сезінді» деді сотта Жұмаевтың адвокаты.

The Denver Post мәліметі бойынша, Бахтиер Жұмаевқа үкім 18 шілдеде шығарылады.

АҚШ-та соңғы жылдары бірнеше өзбекстандық терроризм қылмыстарын жасады деп айыпталған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »