Новости на Newstaraz.

Ақтөбе облысында ауылдасынан жүкті болған малшының қызы ауыр тағдырын айтты

newstaraz.kz

Тараздағы аналар үйі. Көрнекі сурет. Фото: z-taraz.kz

«Аналар үйі» орталығына келетін қыздардың тағдыры әртүрлі. Қиындық бір. Жігіті тастап кетіп, білініп қалған ішін қайда жасырарын білмей алданып қалатын қыздар көп.

Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тастанды бала тағдырына алаңдаған жомарт кәсіпкерлер «Аналар үйі» орталығын ашты. Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашылған орталыққа қыздар мыңдап келеді. Мыңдаған сәби аналарының қасында қалып жатыр.

«Кінә екі жақтан да болады. Қыздар беріле салмау керек. Тұрмысқа шыққанша пәктігін сақтап, өздерін ұстаса жағдай басқаша болар еді. Олай болмағанның өзінде сақтануды үйрену керек. Әйтпесе, алданып, соңында өздері жылап қалады. Біздің орталықтың негізгі мақсаты –жетім балалардың көбеюіне жол бермеу»,-дейді Ақтөбедегі «Аналар үйі» орталығының үйлестірушісі Таңсұлу Лақова.

Похожие статьи

Жүкті болып қалған қыздар баласы жасқа толғанша «Аналар үйі» орталығын тегін паналай алады. Ауызы күйген қыздардың тағдыры екіншісіне сабақ болсын деп алданған қыздар тағдыры, тәрбие мәселесі БАҚ беттерінде бірнеше рет көтерілді. Бірақ, алдамшы сезім жетегінде жылап қалған қыздар саны азаймай тұр.

Ақтөбедегі аналар үйіне отбасылы жігіттен жүкті болып қалған алыс ауылда тұратын малшының қызы да келген. Қыздың ата-анасының басында баспана да жоқ. Әке-шешесі біреудің қолына кіріп, мал бағып отырған адамдар.

Қыздың ауылда жүрген жігіті үйленген болып шыққан. Баланы алдырта алмаған қыз аналарға арналған орталықта тұрып жатыр.

«Қыз жүкті болып қалғаннан кейін ғана жігіт отбасының бар екенін айтқан. Ол қызды бізге дәрігерлер әкелді. Жас ананың денсаулығына алаңдаған болу керек. Қыз қиындығына шыдап, ауылда тұра берген. Отбасында жағдай жоқ. Бізге келгенде аяғында пима, үстінде жөнді киім де болған жоқ. Демеушілер арқылы қыздың үстіне киімдер алғыздым»,-дейді «Аналар үйі» орталығының үйлестірушісі Таңсұлу Лақова.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »